Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ журналистикасы теориясының негізін салған ғалым, ұстаз, журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор Тауман Амандосовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн және офлайн форматта өтті.
Конференция бағыттары: ● Бүгінгі баспа ісінің өзекті проблемалары ● Дәстүрлі медиадағы трансформация және жаңа технологиялар ● Заманауи медиадизайнның ерекшеліктері ● Виртуалды коммуникация және мультимедиа ● Ғалым Амандосов шығармашылығы, ғылыми зерттеулері және мұралары «Журналистика, баспа ісі, медиадизайн: бүгінгі тренд және даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Тауман Амандосовтың отбасы, туыстары, шәкірттері, журналистика факультетінің оқытушы-профессорлары, баспа саласының басшылары, БАҚ өкілдері, дизайнерлер, студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысты.
qazaquni.kz