Image

Байқауға қатысуға өтініш қабылдау

Байқау ережесі

Байқау ережесі

Бұл жерде байқау ережесі. Оқу үшін ішкі бетіне өтіңіз.

Байқау шарттары

Байқау шарттары

Бұл жерде байқау шарты жазылған. Оқу үшін ішкі бетіне өтіңіз.

Байқауға өтініш беру

Байқауға өтініш беру

Бұл жерде байқауға өтініш беру сілтемесі

Тауман Амандосов туралы

Амандосов мектебінде тәрбиелік шара өтті

Амандосов мектебінде тәрбиелік шара өтті

5 желтоқсан - Қазақстан журналистикасы мектебінің негізін қалаушы, ғалым және қоғам қайраткері Тауман Салықпайұлы Амандосовтың туған күні. 
Толығырақ …
Кәсіби бағдар беру шаралары жалғасуда

Кәсіби бағдар беру шаралары жалғасуда

Қазіргі таңда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарын қандай жоғары оқу орнын, қандай мамандық таңдаймыз деген сауалдар толғандыратыны хақ. Осыған орай гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің ұй
Толығырақ …
Тауман Амандосовтың 100 жылдығына арналған ғылыми - практикалық конференция материалдарының жинағын табыс ету сәті

Тауман Амандосовтың 100 жылдығына арналған ғылыми - практикалық конференция материалдарының жинағын табыс ету сәті

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашева
Толығырақ …

Тауман Амандосовтың аудармашылық және публицистикалық еңбектерінің бүгінгі күнгі маңызы

Ғалым Тауман Амандосовты қазақ журналистикасының атасы деп танимыз. Оның қазақ кеңес журналистикасының тарихы мен теориясын зерделеп, публицистер шығармашылығын зерттеп, өз саласына қатысты 100-ден астам ғылыми еңбек жариялап, журналистика факультеті студенттеріне арнап «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары» атты тұңғыш оқулықтың авторы атанып, тың зерттеулер жүргізіп, қазақ журналистикасының ғылыми тұрғыда дамуына өлшеусіз үлес қосқан алғашқы ғалым-қаламгердің бірегейі екендігі баршамызға белгілі.

Аударма – уақытқа тәуелді салалардың бірі. Ешкім барлық жастағы адамдарға аранп, әр заманда да белсенді қолданысқа ие бола алатындай аудара алмайды. Сондықтан болар, әр дәуірдің өз аудармасы болады дейді. Ғалым Э.Гилажеваның пайымдауынша, аудармашы өз тіліне аудару үшін ұлттық көркемсөз мектебінен тәрбиеленген оқырманның түсінігін, білім деңгейін, талғамын, салт-дәстүрін назардан тыс қалдырмауы керек. Аудармашы оқырманды жаңа аймақтармен таныстыра алғаны жақсы. Аударма ісінде де үлкен үлгі-өнеге көрсеткен Тауман Амандосов өз оқырмандарының эстетикалық қабылдауын үнемі назарда ұстап, өзге ұлттық мәдениеттердің көркемсөз өнеріндегі құнды қасиеттерді ашып, одан бізге қажетті деген үлгілерді тауып отырған. Кез келген жақсы аударма үлкен дайындықпен, ынтамен жасалады. Ал бұл қасиеттер авторға, оның шығармашылығына деген құрметтен туындайды. Аударманы оқып, тәнті болған оқырман, біріншіден, шығарма авторына ризашылығын білдірсе, екіншіден, аудармашыға сүйсінеді. Автор мен аудармашы бірін-бірі көрмеуі де, танымауы да мүмкін. Әйтсе де шығарма авторына деген сүйіспеншілігін құмарта білдірген аудармашы өзге халықтар әдебиеті алдындағы әлеуметтік, адамгершілік, рухани борышын өтейді. Айтқандай, екі елдің мәдениеті үшін аударманың маңызы зор болса, жетпіс жыл бойы Кеңес одағына қараған елдер үшін орыс тілінде жазылған шығармаларды аударудың маңызы зор болды.

Соғыстан кейінгі жылдары Ж.Жантөрин, С.Бәйішев, Қ.Сағындықов сынды атақты аудармашылардың ақыл-кеңесін тыңдап, тәжірибе жинақтап, кеңес жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударуы Т.Амандосовтың аудармашылық дарынын танытқан еңбектер болды. Атап айтқанда, оқырмандарға «Әлемнің ашылуы» (С.Л. Лупунов), «Теңіз қашығындағы» (Н.Касил) және «Өкімет» пьесасы (А.Сафронов). Зейнолла Қабдолловпен бірге аударған «Өмірден әңгімелер» кітабы бар. Бұл туындының авторы – А.С. Яковлев. Осы кітап пен оның авторы туралы: Басты кейіпкері – фамилиясының тек басқы екі әріпінің өзі-ақ барып тұрған ержүрекпін деп тұрған, фашист ұшақтарының да төбе шашын тік тұрғызып, еріксіз есін тандырған адам. Кеңестік ұшақ конструкторларының бірі. Социалистік Еңбек Ері, инженерлік авиацияның генерал-лейтенанты. Яковлев сынды тұлғалардың біздің елде әлемге әйгілі атақ-даңқы кенеттен пайда болған сәт емес: бұл жеке адамның кездейсоқ бақыты емес – бұл біздің дарынды, дарынды, қаһарман халқымыздың ұлы даңқының бір бөлігі ғана. Міне осылай Тауман Амандосов Яковлевті қазақша сөйлеткен екен.

Бұл өлмес шығарманы Яковлев жазды ма, әлде Тауман жазды ма деп сұрауға болатын сияқты. Жалпы, көркем аударманың өте қиын іс екені аян, сол себепті көпшілік мұндай істі қолға ала бермейді. Яковлевтің шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы жастарды өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, олардың бойында Отан сүйгіштік қасиетті ояту сынды мәселелер қолға алынған. Шығарманы орыс тілінен аударғанын ескерсек, автор ойын, оқиға иірімдерін қазақ оқырмандарының көкейіне жеткізудің қаншалықты қиындай түсетіні өзінен-өзі түсінікті.«Көркем шығарма аудармасын жазған автордың тек ойларын, образдары мен сюжетін беріп қана қоймай, сондай-ақ оның әдеби ұстанымын, шығармашылық тұлғасы мен стилін жеткізуі керек» - екенін ескеретін болсақ, Т.Амандосов аудармалары барлық талаптарға жауап бере алатын, жоғары дәрежедегі аудармалар деп айтуға толық негіз бар. Яғни, Амандосов – аударма теориясын, шығарманың архитектоникасын терең меңгерген маман. Жазушы Ғ.Мүсірепов қазақ аудармасының, әдебиеттер достастығының дамуына зор көңіл қойған аударма туралы былай деген екен: «Қазақ Совет әдебиетінің тарихи даму жолында елеулі бір ерекшелік бар. Ол Абайдан басталып келе-келе дәстүрімізге айналып кеткен орыс әдебиетіне сүйене өсу, орыс әдебиетінен үлгі ала өсу жолы.

Реалистік орыс әдебиетінің бағыты мен дәстүрін теориялық жағынан терең ұғынуға тырысумен қатар, қазақ ақын-жазушылары қашаннан бері орыс көркем әдебиетін өзінің ана тіліне аудару, орыс тілі арқылы дүниелік классиктерді аудару жұмысына көп көңіл бөліп келді. Бұл оқып үйренудің ең құнарлы жолы болды десек, қателеспесек керек. Оның үстіне әрбір аудару жұмысына қатынасқан ақын-жазушы өзінің үндесін тауып аударған сияқтанады», — деп орыс-қазақ байланысын руханиялау жағын бірінші орынға қойып, орыс классиктерін жоғары бағалаған. Тауман Амандосов аудармаларын үнемі таңдап алып, аударып отырған. Оның орыс жазушыларынан аударылған шығармалары – не адамгершілік, ізгілікке үндеу, не ұлы патриоттық идеяға ұмтылу, не терең философия, не үздік көркем шығармалар. Жазушының орыс тілінен қазақ тіліне аударған проза және драма жанрлары жанама аударма арқылы жасалған. Бұл тәсіл әсіресе шетел драматургиясын және прозасын аударуда көрініс табады. Тауман Амандосов шығарма алмай, қайталанбас үлгілі туындыларды аударған. Мұндай нәрселерді аударатын аудармашының жауапкершілігін әлбетте жоғары болған. Аудармашы адамның ақын, жазушы, драматург болу талабын өзі қалап, биік талаптар қояды: «Аударма оригиналға түр мен мазмұнның өзіндік келісімін тауып, бір-біріне сіңіскен қалпында ғана жақын. Ол екеуі де аса бір үйлесімді тереңдікте, табиғи мүлткісіз бірлестікте болуға тиісті…

Егер классикалық шығарманың түрі, өлшемі, өзіне тән ырғағы, ең бастысы — рухы сақталмаса, онда біз жүйрікті жабыға, шешенді есерге айналдырған болып шыға келеміз» — деген екен. Ғалым өзі аудармаларын жасағанда «Көркем дүние бармақ сорып тудыратын дүние емес. Өмірде ыждаһаттап зерттеп барып, көрген-түйгеніңді көкіректе қорыту арқылы дүниеге келеді», — деген талапты сақтануға тырысқан. Тауман Амандосов аударған «Теңіз шалғайында» («Далеко в море» Л.А.Кассиль) атты кітап балаларға арналып жазылған. Балалар әдебиетінің тақырыбы, сюжеті мен сөз қолданысы, көркем образды беру жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Жас жеткіншектердің сана-сезімі мен танымын дамытатын, оларды қоғамдық өмірге, рухани дүниесіне баулитын балалар әдебиеті әрбір адамның бүкіл саналы өмірінде азаматтық тұлғаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бала идеясының тұлға ретіндегі ертеңгі рухани-адамгершілік және эстетикалық қасиеттерін қалыптастыратын іс-әрекеттерде де маңызы зор, оның күнделікті өсіп-жетілуіне қажетті білім көзі. Бұл жерде аудармашы жұмыстан ауытқымай, әрбір сөзін кішкентай балаға түсінікті етіп жеткізуге тырысқан. Ақпараттық және хабар тарату бойынша БАҚ жүйесіне газеттер, журналдар, теледидар, радио, телеграфтық ақпараттық агенттіктер және кітап баспалары кіреді. Осы саланы зерттеуде оның дамуын, қалыптасуын, өркендеуін қазақстандық журналистикадағы теория мен практика тұрғысынан алғаш рет жүйеге келтірген Т.Амандосовтың ұстанымдарын ерекше атап өте аламыз. Т.С. Амандосов өз заманының шебері атанған, ол баспасөз теориясын зерттеуде негізінен кеңестік қағидаларды ұстанып, марксизм-ленинизм іліміне ерекше құрметпен қараған. Бұл тұжырымымызға дәлелді ғалымның мына бір пікірінен анық байқаймыз: «Насихат пен үгіттің барлық түрі негізгі мақсатқа – еңбекшілерді коммунистік рухта тәрбиелеу мақсатына қызмет етеді. Міне, сондықтан баспасөз қызметкерлері – совет журналистері өздерінің әрбір материалында коммунистік идеяны насихаттауды берік ұстанған. Совет журналисі дұшпандық идеологияға қарсы күресе отырып, империалистердің реакциялық, халыққа қарсы идеясын батыл әшкерелеп отыруға тиіс. Екі дүние таным күресінде бейтараптылық пен ырымшылдыққа жол жоқ. Информация мен насихаттың бұқаралық құралдарының теориялық негізі – марксизм-ленинизм ілімі. Бұл құралдардың күші коммунизм құрылысшыларын коммунистік рухта тәрбиелеу мақсатына бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда насихат пен үгіттің бұқаралық құралдары Коммунистік партияның экономикалық стратегиясына сай халық шаруашылығының барлық саласын серпінді де пропорциялы дамытуға, еңбекшілердің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін арттыра беру жолында асқан творчестволықпен жемісті жұмыс істеуге тиіс», — деген екен.

Т.Амандосовтың қай кітабын ашып қарасақ та, кеңес публицистикасы жанрларын өмір шындығынан айнымай, бұлтарпас материалына сүйенуге, әлеуметтік болмыстың құбылыстары мен үдерістерін объективті көрсетуге үндейді. Профессор газеттердің коммунистік партияның саясатын насихаттауда кемелденген социализм дәуірінің міндеттерін іске асыру жолында аса зор рөл атқаратындығын айта келіп, газетті жаңа адам тәрбиелеудің айрықша құралдарының бірі деп, баспасөзге ерекше назар аударады және жазармандарға үлкен міндеттер жүктейді: «Баспасөз алдындағы міндеттерді жүзеге асыру, газет редакцияларының жұмысын жетілдіре беру – әрбір газет қызметкерінің білімін, кәсіби мамандығын, шеберлігін ұштай отырып, олардың шығармашылық ізенісін, белсенділігін барған сайын арттыра беру деген сөз», — деген тұжырымды ұстанған екен. Баспасөздегі әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерін сақтай отырып жазу принипін алға тартады: «Шығарманың тақырыбы ұнамды, мазмұны тартымды болуы – публицистиканың негізгі міндеті. Бұл талап – публицистиканың үлкенді-кішілі жанрларының бәріне бірдей қойылатын ортақ және негізгі талап. Осы талаптың іс жүзінде орындалуы, ең алдымен, публицистің тақырыпты дұрыс таңдай білуі мен жанрлық ерекшеліктерді көтерілер мәселе мазмұнына қарай ұтқыр пайдалана білуіне тікелей байланысты».

 

Белгілі сөз зергері Зейнолла Қабдолов «Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады» деген екен. Бүгінгі таңда журналистикада жанрлар туып, өсіп, өзгеріп, осы шақта жоғалу, тоқырау кезеңіне келе жатқан сияқты. Мақала жазғанның өзінде көпшілік журналистер жалпылама жазуға бейім тұрады, талдап-таразылауға, сараптап, ой түюге келгенде, шикіліктер байқалып қалады. Кейде газеттерден тұшынып оқитын материал таппай қалатынымыз да бар. Содан, «халық газет оқымайды» деп шулаймыз. Бірақ, кінә оқырманда ғана емес, өз жазбасынан кез келген оқырман айналып өте алмайтындай етіп жаза аламай жүрген журналистер қауымынан да бар. Бар ғұмырын журналистика теориясын зерттеп-зерделеуге арнаған Тауман Амандосов өзі: « Газет жанрлары әр алуан, олардың ерекшеліктер де әр түрлі екені мәлім. Газет материалдарының сапалы болуы олардың жазу үстінде журналистің баспасөз жанрының әрқайсысына тән сол ерекшеліктерін жете айыра біліп, оны шебер жаза білуіне байланысты. Егер журналист газет жанрларының теориясын жақсы біліп, оны өз ісінде жемісті қолдана білсе, газет материалдары бір-біріне егіздің сыңарындай ұқсап тұрмай, бірін-бірі қайталамай, арқайсысы өз жақсылығымен жарық көреді, саны жақсарады, жазылу түрі соны сипат табады, мазмұны тереңдейді, нәтижесінде, ондай газет материалдарын оқушылар сүйсініп, қызыға оқитын болады. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерін тұтасқан синтез ретінде бір жерден тауып, танымайынша оның жанрлық табиғатын түсіну мүмкін емес. Сондықтан қандай жанр болмасын оның тек сыртқы белгілерін ғана жіпке тізе бермей, ішкі мазмұнындағы сырлардың байыбына барыңқырап, жанрлық болмысындағы заңдылықты аша білу керек» — деген болатын.Бүгінде «қысқалық пен нұсқалық керек» деп, жалаңдыққа, тек қана ақпарат жазуға бейімделіп келе жатқан қазақ журналистикасы көркемдіктен ажырап кеткен сыңайлы. Бір мақалада бірнеше жанрлық элементтер болып, жанрлық байламға тап болуымыздың өзі үлкен мәселе. Баспасөзде үлкен резонанс тудырған Камал Смайылов пен Шерхан Мұртаза арасындағы эпистолярлық жанр да ұмыт қалды. Профессор Қожакеевтің пікірінше, газет-журнал материалдарының, радио-теледидар бағдарламаларының өмір сүру және бейнелеу формасы жанрлардың «жүрек соғысы» қазіргі басылымдарда өте әлсіз. Публицистиканың басты негізгі жанрларына – мақала мен корреспонденция жатады. «Мақала журналистика жанрларының қиын да күрделісі. Бұл жанрға тән сипаттыр: өмір шындығын кеңінен қамту, терең қорытынды жасау және белгілі бір дәрежеде перспективаны көре білу, көрегендік таныту. Мақала үлкен, ауқымды мәселелерді ғана тілге тиек етіп, сол проблеманы жеріне жеткізеді және тақырыпты бүге-шігесіне дейін зерттейді, үңіледі. Себебі, тақырыптың түрлі-түрлі детальдарының дәйектерінсіз өз ойымызды жеткілікті деңгейда жеткізу мүмкін емес».

Профессор Т.С.Амандосов: «Мақала дегеніміз – қоғамдық құбылыстар және идеяның негізінде жазылатын публицистика. Сондықтан мақаланың негізгі желісі – идея», — деп пайымдаса, филология ғылымдарының докторы Т.Қ.Қожакеев: «Мақала – газет, журналдардың идеялық-саяси деңгейін аңғартатын жетекші жанр», — дейді. Ал Т.Амандосовтың ізін басып келе жатқан шәкірттерінің бірі – филология ғылымдарының докторы К.Қамзиннің пікірінше, «Мақала дегеніміз – авторды, қоғамның белсенді бөлігін толғандырған саналы ой мен оның қағаз бетіне түскен таңбасының үйлесімі, құнды, байсалды пікірдің көлемді көсемсөз жанрына айналуы». Орыс ғалымы А.А. Тертычный болса, мақаланы – жалпы зерттеу мақаласы, тәжірибелік-талдамалы (практика-аналитическая) мақала және пікірталастық мақала деп жіктеп көрсеткен. Педагог-ғалым Тауман Салықбайұлының мақала мен корреспонденция хақындағы өзіндік тың ойларымен тұжырымдарын заман ерекшеліктеріне қарай, саралап-сараптай келе, ғалым Кәкен Қамзин амандосовтық үрдісті одан әрі жалғастыра отырып, бұған дейін зерттеушілердің көзіне түспей келеген мақаланың басты екі ерекшелігін төмендегіше түйіндейді: «Көсемсөздің басқа түрлері автордың немесе куәгердің көзі көргенінін сөз етсе, мақалаға адам көзіне шалынбас, қолмен ұстап көруге болмас бейматериялық проблемалар да азық болады. Публицистиканың басқа жанрлары, оның варияциялары телевизияда, радиода осы күнге дейін ұтымды пайдаланылады, ал, мақала – таза газет, журнал, ғылыми жинақтар жанры. Мақаланың телевизия мен радионың форматына сыймай қалуының сыры неде? Оның себебін, біріншіден, мақаланың программалық, идеялық сарынынан, екіншіден, көлемінен, үшіншіден сөйлеу мәнері емес, жазба стилінің билік етуінен көреміз, төртіншіден құрмалас сөйлемдердің жиі қолданылуынан, бесіншіден, дәстүрлі ғылыми орамдардың, сілтемелердің мол болуынан іздейміз. Негізінен осы «бөгесіндер», біздіңше, оның аудио және визуалды шығармаға айналуына жол бермейді». Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным тұрғысынан баға берілді. Қазақ көсемсөзінің теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелерді алғаш рет бір арнаға түсіріп, публицистиканы дербес пән ретінде қарастырып, оның мазмұны, формасы, әдісі, функциялары туралы ғылыми тұжырымдар жасаған профессор Т.Амандосов болды. Оның «Современная казахская публицистика» атты докторлық диссертациясында публицистиканың кейбір ерекшеліктері Ә.Әлімжанов, Ү.Бағаев, Б.Бұлқышев, Ә.Нұршайықов, К.Қазыбаев секілде жазушылардың шығармашылығы негізінде публицистік шеберлік мәселелерін зерттеп, қазақ публицистикасының жанрларын айқындады.

Жалпы, қазақ кеңес баспасөз жанрларын ғылыми тұрғыдан қарастыруда профессор Т.С.Амандосов орыс ғалымдарының, атап айтқанда, марксизм-ленинизм іліміне сүйенсе, бүгінгі қазақ көсемсөз жанрларын зеттеп жүрген ғалымдардың барлығы дерлік Тауман Салықбайұлының ғылыми тұжырымдарын негізгі бағыт-бағдар етіп, өз зерттеулерін жүргізеді. Сол арқылы да бүгінгі публицистиканың жаңалықтарына талдау жасап, өзіндік үн қосады. Мысалы, кезінде Тауман Амандосов көсемсөз жанрларын хабар жанрлары, талдамалы және көркем-публицистикалық жанрлар деп жіктеген тұжырымын бүгінге дейін сол қалпында еш өзгеріссіз өз саламызда қолданып келеміз. Тауман Салықбайұлы – өз заманында қазақ публицистикасын зерттеу ісінің әлі де өз деңгейінде емес екенін сезіп, сол үшін алаңдап өткен ғалым. Өзінің «Қазақ публицистикасын зерттеу туралы» деген мақаласында ол бұрын шыққан еңбектер мен мақалаларды қарастыра келіп: «қазақ публицистикасының жете зерттелмегені, бір жүйеге келтірілмегені айқындала түседі» — деп ашық айтып кеткен. Осыған орай болашақ зерттеулердің бағыт-бағдарын сілтеп, он шақты көкейкесті тақырыптарды ұсынған.Тауман Амандосов мұрасының құндылығы – оның рухани бастау көздерінің күрделілігінде. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтаған. Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған.

 Еркежан Арын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, "Қазақ филологиясы" мамандығының 1-курс докторанты,

Арайлым Диханбай, «Медиадизайн» мамандығының 1-курс магистранты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Гилажева Э.И., Кыдырбаева А.К. Поэтика перевода Т.Амандосова / Актуальные научные исследования в современном мире, 2018 ж. Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы, — Алматы: Мектеп, 1978. Амандосов Т.С. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974. Амандосов Т.С. Қазақ совет баспасөзінің жанрлары, — Алматы: Мектеп, 1968. Профессор Т.С. Амандосов туралы баспасөз бетінде жарияланған естелік материалдар Тауман Амандосов. Өнегелі өмір.-Алматы:Қазақ университеті, 2012 ж. Яковлев А.С. Рассказы из жизни.-Алма-Ата: Учпедгиз,1949.-101 с Атырау инженерлік – гуманитарлық институты «Жастардың ынта-жігері- ғылымға» атты облыстық студенттердің ғылыми-конференцияның материалдары. Атырау, 2015 ж. «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі адам жанын түсіне білу проблемалары» атты мақала.

ФотоАльбом

No module Published on Offcanvas position