БАЙҚАУ ТАЛАПТАРЫ:
1. Байқауға кімдер қатыса алады:
• Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында кәсіби қызметін жүзеге асырып жүрген журналистер;
• Атырау облысының журналистика саласының ардагерлері;
• Атырау облысының аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын БАҚ редакциялары.
2. Қандай материалдар қабылданады:
• Мерзімі: 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 15 шілде аралығында БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар.
• Тақырыбы: Атырау облысының (қала мен аудандардың) әлеуметтік-экономикалық дамуы, соның ішінде экономика, өндіріс, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, экология, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және қоғамдық даму мәселелері.
• Форматы: мақалалар, очерктер, репортаждар және арнайы хабарлар (аудио және бейне көшірмелері мен сценарийлері бірге ұсынылады).
• Тілі: мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар.
• Қажетті жұмыс көлемі:
- БАҚ редакциялары үшін: кемінде 30 материал.
- Жеке авторлар үшін: кемінде 10 материал.
3. Материалдар келесі жағдайларда қарауға қабылданбайды немесе кез келген кезеңде байқаудан шеттетіледі:
🚫 Бір материалды бірнеше номинацияға қатар ұсынғанда;
🚫 Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, экстремизмді, ұлттық, діни немесе әлеуметтік алауыздықты қоздыруға бағытталған, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын мазмұн анықталса;
🚫 Авторлық құқық талаптары бұзылған (плагиат) немесе жалған мәліметтер ұсынылғаны белгілі болса;
🚫 Бір қатысушы бір уақытта екі номинацияға өтінім қалдырғанда.
ТРЕБОВАНИЯ КОНКУРСА:
1. Кто может принять участие в конкурсе:
• Журналисты, осуществляющие в настоящее время профессиональную деятельность на территории Атырауской области;
• Ветераны сферы журналистики Атырауской области;
• Редакции СМИ, зарегистрированные и осуществляющие свою деятельность на территории Атырауской области.
2. Какие материалы принимаются:
• Период публикации: работы, опубликованные в СМИ или вышедшие в эфир в период с 1 июня 2025 года по 15 июля 2026 года;
• Тематика: социально-экономическое развитие Атырауской области (города и районов), в том числе вопросы экономики, производства, предпринимательства, сельского хозяйства, инфраструктуры, экологии, образования, здравоохранения, культуры, спорта и общественного развития;
• Формат: статьи, очерки, репортажи и специальные программы (аудио- и видеозаписи предоставляются вместе со сценариями);
• Язык: материалы на государственном и русском языках;
• Требуемый объем работ:
- для редакций СМИ: не менее 30 материалов;
- для индивидуальных авторов: не менее 10 материалов.
3. Материалы не принимаются к рассмотрению или снимаются с конкурса на любом этапе в следующих случаях:
🚫 при подаче одного и того же материала в несколько номинаций одновременно;
🚫 при выявлении содержания, запрещенного законодательством Республики Казахстан, направленного на разжигание экстремизма, национальной, религиозной или социальной розни, а также оскорбляющего честь и достоинство человека;
🚫 при нарушении требований законодательства об авторском праве (плагиат) или предоставлении недостоверных сведений;
🚫 если один участник подает заявку в две номинации одновременно.

