Image

Кәсіби бағдар беру шаралары жалғасуда

Қазіргі таңда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарын қандай жоғары оқу орнын, қандай мамандық таңдаймыз деген сауалдар толғандыратыны хақ. Осыған орай гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмыстары белсенді жүргізілуде. 


Журналистика кафедрасының оқытушылары Кайрова Гүлсара Жоламанқызы, Ахонова Мерует Иманғалиқызы «Жалпы білім беретін Т.С.Амандосов атындағы орта мектебінің» 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде оқушыларға жоғары оқу орындарына түсу заңдылықтары, мамандық таңдауда назар аудару қажет негізгі ұсыныстар, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп, мектеп бітіруші жастарды білім алуға шақырды. Мектеп оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ой бөлісті.

 


 

Өз кәсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған әр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кәсіп саласына сай қалыптасқанда  сапалы маман болатыны анық.

 

No module Published on Offcanvas position