Image

Амандосов мектебінде тәрбиелік шара өтті

5 желтоқсан - Қазақстан журналистикасы мектебінің негізін қалаушы, ғалым және қоғам қайраткері Тауман Салықпайұлы Амандосовтың туған күні. 


Осыған орай Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылындағы Т.С.Амандосов атындағы орта мектепте «Тау тұлғалы Тауман» атты тәрбиелік шара өтті. 
Оған ғалымның шәкірттері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті журналистика кафедрасының бір топ оқытушылары да қатысып, ұлағатты ұстаз жайындағы өз естеліктерімен бөлісті. Аға оқытушылар Л.Қ.Мажитова, Г.Б.Исмурзина ғалымның «Қасиетті қаламға елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтар, әділ сөзін айтып, ақ сөйлейтін ойлы жас болмақ керек» деп жас журналистерге қоятын қатаң талабы, мінез-құлқы, жаратылысы, жүріс-тұрысы, дәріс оқуы да ерекше тұлғаның абзал қасиеттері, елге жасаған адал қызметі туралы сыр шертті.

 

«Біз де ұлағатты ұстазымыздан алған тәлім-тәрбие, сара жолды жалғастырып, өздеріңіздей жастарыңыздың білімді, білікті маман болып шығуына үлес қосып жүрміз. Сіздердің де араларыңыздан мықты мамандар, ғалымдар шығуы тиіс, өйткені Тауман ағамыздың есімінің өзінде үлкен жауапкершілік тұрады, - деп әңгімесін аяқтай келе Ләззат Қабдірқызы жастарды Атырау университетіне, журналистика кафедрасына оқуға шақырды. 

Қатқыл сөйлесе де ар жағынан мейірім лебі есіп тұратын дауысынан әр студентке деген әкелік қамқорлықты аңғаратынбыз,- деді оқытушы М.И.Ахонова. Әріптестерінің әдемі естелігін жалғаған оқытушы Г.Ж.Кайsрова осындай әдемі кешті ұйымдастырған мектептің ұстаздары қауымы мен шәкірттеріне алғыс айтып,  Т. С. Амандосов туралы естеліктер кітабын сыйға тартты.

Кеш барысында ғалымның өмір жолына шолу жасалып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған Тауман Салықпайұлының өнегелі өмірі мен өшпес еңбектерінің ертең де елге қызмет ететіндігін паш ететін мазмұнды да мәнді мұндай

кештер жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек бар.

 

No module Published on Offcanvas position